Ақтөбенің 28 жастағы тұрғыны 68 жастағы зейнеткерге шабуыл жасап, әйелді тонап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлердің мәліметінше, 1 ақпан күні белгісіз ер адам 68 жастағы зейнеткерді итеріп жіберіп, сөмкесінің ішінен банк карталарын, құжаттар мен 50 000 теңгесін ұрлап кеткен.
Жедел іс-шаралар барысында кінәсін мойындаған 28 жастағы күдікті ұсталғаны хабарланды. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерді.
Қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.