• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Ақпан, 2023

Түркияда жер сілкінісінен 76 адам қайтыс болды

490 рет
көрсетілді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Каһраманмараш провинциясының Пазарджык ауданындағы провинцияда магнитудасы 7,4 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасы (AFAD) хабарлаған. 

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 04:17-де тіркелді, ошағы 7 км тереңдікте болған. 

Елде ең жоғары дабыл деңгейі жарияланды. Билік халықаралық көмекке жүгінді. 

Жер сілкінісінен кейін 32 афтер сілкініс тіркелген. Ең күштісінің магнитудасы 6,6 болды. 

Жерасты дүмпулері Түркияның Хатай, Османие, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Малатия және Адана провинцияларында, сондай-ақ Египет, Ливан, Сирия және Иракта сезілді.

Барлық жерде іздестіру-құтқару жұмыстары мен залалды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы уақытқа дейін Малатия провинциясында 23 адам қаза тауып, 420 адам жараланды, Диярбакыр провинциясында 6 адам өліп, 79 адам жарақат алды, ондаған ғимарат қираған. 

Шанлыурфа провинциясының губернаторы Салих Айхан 15 адам қаза тауып, 30 адам жараланғанын хабарлады. 

Ең соңғы ақпаратқа сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440 адам жараланған.