• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Ақпан, 2023

Қазақстанның басым бөлігінде қар жаууы мүмкін

534 рет
көрсетілді

Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Циклон әсерінен елімізде жаяу бұрқасын болып, қар жаууы мүмкін. 9 ақпанда шығыста қалың қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің біраз өңірінде жауын-шашын болуы ықтимал. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.

Еуропа аудандарының антициклоны әсерінен ауа температурасы түнде батыс пен шығыста 13-21 градусқа дейін, солтүстікте -20, -28-ге дейін, орталықта -15, -26 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз батыста -7, -12-ге дейін, солтүстікте -15, -20-ға дейін, шығыста және орталықта -10, -18 градус аяз болады деп болжанған.