• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Ақпан, 2023

Неке және отбасы туралы кодекске өзгерту енгізілді

924 рет
көрсетілді

«Неке және отбасы туралы» ҚР кодексіне жаңа өзгетулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда баланың кез-келген туысқанымен қарым-қатынас жасау құқығы енді «Неке және отбасы» кодексінде арнайы баппен айқындалады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасынан белгілі болды.

Атап айтқанда, «Неке және отбасы» кодексіне жаңа 73-1 бап енгізіледі. Онда «Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы» деп жазылған.

Бапқа сәйкес, егер ата-ана баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартса, дауды ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.

Оқу-ағарту министрлігі заңға мұндай толықтыру енгізу қажеттігін ата-әжелер мен басқа туыстардың баламен қарым-қатынас тәртібін анықтауға байланысты дауларды шешуде қиындықтар туындағанымен түсіндірді.

Құжат жобасы 24 ақпанға дейін жария талқылауға ұсынылған.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ