• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 06 Ақпан, 2023

Digital Justice: Әділет министрлігі жаңа жобаларды қолға алды

218 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, сондай-ақ «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ-мен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жеңілдету бойынша жаңа жобаларды қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметі egov.kz сайтында бір жұмыс күні ішінде оnline режимінде көрсетіледі.

Ол үшін egov.kz сайтында авторизациядан кейін «Бизнес» → «Бизнесті тіркеу және дамыту» → «Бизнесті тіркеу және тарату» → «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» бөлімінде тиісті өтінімді толтыру қажет.

Өтінімде жылжымалы мүліктің түрін көрсету, растайтын құжатты бекіту, электрондық төлем жасау және ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Өтінімді өңдеу нәтижесін жеке кабинетте, «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде бақылауға болады.