Қазақстанның жас теннисшісі Томирис Нұржан Барселонада өткен 14 жасқа дейінгі чемпиондар арасындағы беделді Open Banc Sabadell Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалда Қазақстан теннисшісі 6:4, 6:2 есебімен жергілікті теннисшіден озды. Каталония мэрі чемпионға сыйлықты өзі тапсырып, теннисшіміздің жеңіске деген керемет ерік-жігерін атап өтті.
Осы жеңістің арқасында Томирис сәуір айында Барселонада ATP 500 турнирімен қатар өтетін сайыста өнер көрсетеді.