• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Ақпан, 2023

Өткен жылы 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды

300 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде министрлер кабинеті тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТКШ жүйелерін жаңғырту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндады.

Бірінші кезекте ведомство басшысы 2022 жылдың қорытындысы, алдағы мақсаттар және осы жылға арналған міндеттер туралы баяндады. Оның айтуынша, былтыр елімізде 15,4 млн шаршы метр немесе 130 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 16,8%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгеге жеткен. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 17 мың 300 пәтер салынып, 10,5 мың жеңілдетілген несие берілген.

Тұрғын үйді іске қосудың жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіші 101,8%-ға орындалған. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жоспарлы көрсеткішті асыра орындаған. 8 өңір тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарын орындай алмады. Оның ішінде Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарының көрсеткіштері өте төмен.

«Осы жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жоспарлы көрсеткіштер өңірлерге жеткізілді», деді М. Қарабаев.