Келесі кезеңде жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы аумақ бекітіледі.
Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде арнайы құрал-жабдықтар, атап айтқанда: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.