• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2023

Бауырлас Түркияға киіз үйлер жіберіледі

494 рет
көрсетілді

Қызылордалық кәсіпкерлер Мұрат және Марат Сәрсенбаевтар Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде киіз үй жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық кәсіпкерлер түрік бауырларға өз аттарынан киіз үйлер жөнелтуді шешкен. Олардың іші жылыту құрылғыларымен жабдықталған. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабар таратқан.

«Қазіргі таңда Астана қаласына тапсырыс беріп жатырмын. Сенбі күні елордадан жүк көлігі шығады, біз киіз үйімізді сол көлікке тиеп жіберсек деген ойдамыз. Егер Қызылорда облысынан тағы да киіз үйлер жіберілетін болса, осы жақтан да жіберуге болады», деді Марат Сәрсенбаев. 

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ