• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2023

Абай облысы Түркия еліне көмектесуге дайын

279 рет
көрсетілді

Абай облысының волонтерлері Түркия Республикасында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар Абай облысының дәрігерлері Түркиядағы ең ауыр жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

«Бүгінде облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшылығы дәрігерлердің тізімін бекітіп, Үкіметке келісуге жіберді. Дәрігерлер құрамына табиғи апаттар аймағында жұмыс істеуге сұранысқа ие мамандар кірді. Олардың қатарында анестезиологтар, реаниматологтар, хирургтар мен терапевттер бар», деп жазылған Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.