Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан экспорттау шарттары айқындалды.
Жаңа шарттарға сәйкес келесі сандық шектеулер (квоталар) енгізілді:
60 000 бас мөлшерінде бұқашықтарды әкетуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) қошқарлар (тауар номенклатурасының коды 0104) саны 120 000 бас.Ведомство басшысының бұйрығына сәйкес 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қойлар үшін квоталар белгіленді.
1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша лимит – 500 басты, 1 тауар өндірушіге – 200 басты, 1 бордақылау алаңына ІҚМ бойынша – 1000 басты, 1 тауар өндірушіге – 500 басты құрайды.