• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Ақпан, 2023

Екі адамды өлтірген Көкшетау тұрғыны ұсталды

297 рет
көрсетілді

Ақмола полицейлері екі адамды өлтірген қылмыскерді құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәлім еткендей, 8 ақпан күні сағат 18:00 шамасында Көкшетау қаласындағы жатақханалардың бірінде болған оқиғадан кейін ер адам полиция бекетіне келіп, ауыр қылмыс жасағанын мойындады.

Екі адамды өлтіру фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

«Материалдарды алғашқы жинау барысында күдікті мен оның екі танысы, 87 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің ішімдік ішкендері анықталды. Отырыс барысында ерлер арасында жанжал туындап, нәтижесінде күдікті егде жастағы ер адамға, содан кейін әйелге бірнеше рет пышақ салған. Кейін қылмыс құралынан құтылып, күдіктінің өзі «102» арнайы желісіне қоңырау шалып, жақын маңдағы полиция бекетіне келген», делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер ер адамның осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын істі болғанын анықтады. Ол 2008 жылы адам өлтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін ол Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының аумағында тұрған.

Тергеу кезеңінде қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.