• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2014

Ұстанымдар ұқсастығы аталды

416 рет
көрсетілді

Ханой қаласында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмахановтың Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Фам Бинь Миньмен кездесуі өтті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі күйі мен келешегін талқылады. Өзара қызығушылық тудыратын түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы өзара мүдделілік білдірілді. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібінің көптеген мәселелері бойынша екі ел ұстанымдарының ұқсастығы атап өтілді. Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің ашылуына байланысты Фам Бинь Минь сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ, Вьетнамның Кеден одағын еркін сауда аймағын құру мәселесіндегі өзара іс-қимылды дамытудың зор болашағы атап өтілді. Кездесу барысында қазақстандық дипломат 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше ретінде Қазақстанның кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың жеке жолдауын тапсырды. «Егемен-ақпарат».