• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2014

Энергетикалық тиімділік үшін

195 рет
көрсетілді

Кеше Астанада ел Үкіметі мен Дүниежүзілік банкінің арасында 21,7 миллион АҚШ доллар сомасына Қазақстанның энергетикалық тиімділігін арттыру жобасын жүзеге асыру туралы гранттық келісімге қол қойылды. Аталған келісімге Үкімет тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары –Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, ал Дүниежүзілік банк жағынан оның Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая қол қойды. Шара барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ин­дустрия және жаңа технология­лар министрі Ә.Исекешев жобаны жүзеге асыру кезінде ел­дің барлық облыстарындағы мем­ле­кеттік, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жаң­ғыртылуы жоспарланғанын жә­не олардың ішінде мектептер, бала­бақ­шалар, ауруханалар мен көше жа­рықтандыру жобалары да бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, қа­ражат институттық базаны жақ­сартуға және энергетика сала­сын қаржыландырудың тұрақ­ты механизмдерін құруға бағытталмақ. ДБ-нің Қазақстандағы тұ­рақ­ты өкілі Ш.Аккая энергетикалық тиімділікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар құрудағы Үкімет жетістіктерін айрықша атай келе, Дүниежүзілік банк өз серіктесін жобаны жүзеге асыру барысында әлемдегі ең жақсы тәжірибемен бөлісу, институттық әлеуетті дамыту арқылы қолдауға дайын екендігін жеткізді. Аталмыш жобаны іске асы­ру барысын бақылау мен үйлес­тіру Индустрия және жаңа тех­но­логиялар министрлігіне жүк­телді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».