• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Ақпан, 2023

Тарихтағы ең жойқын 5 жер сілкінісі

2515 рет
көрсетілді

Жер сілкіністерінің балдық шкаласына байланысты зардаптары да әртүрлі. Бұған дейін әлем тарихында көптеген жойқын жер сілкіністері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

1. Кемин, Қырғызстан

Әлемдегі ең үлкен 10-11 балдық жер сілкінісі 1911 жылы 3 қаңтарда Қырғызстанның Кемин қаласында болған. Бұл Орталық Азиядағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі болып саналады. Апат салдарынан 550 адам қайтыс болып, мыңдаған үйлер қирап қалған.

Бұл жер сілкінісі 6 секунд ішінде 200 шақырымдық жарықшақты тудырған.

2. Суматра аралы, Индонезия

2004 жылдың 26 желтоқсанында Индонезияның Суматра аралының маңында 9,3 балдық жер сілкінісі орын алды. Апат 200 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Сондай-ақ бұл табиғи апат ең күшті цунамидің пайда болуына да әсер еткен.

3. Аляска, АҚШ

Аляскадағы 9,2 балдық жойқын жер сілкінісі 1964 жылы болды. Ол штаттың оңтүстік-орталық бөлігінде Кук шығанағының жағасында орналасқан Аляскадағы ең үлкен қалада тіркелді.

Жер сілкінісі тауларда қар көшкінін тудырғанын атап өту керек. Жер сілкінісі салдарынан 9 адам қаза тапты. Ал жерасты дүмпулері әсерінен пайда болған цунами 131 азаматтың өмірін қиған.

4. Сендай, Жапония

2011 жылдың 11 наурызында Жапонияның шығыс жағалауында ел тарихындағы ең күшті 9,1 балдық жер сілкінісі орын алған. Оның салдарынан бірнеше минут ішінде цунами болып, Сендай және Ивате қалалары жер жүзінен толық жойылып кеткен.

Биіктігі ондаған метрлік толқындар жүздеген мың ғимаратты қиратып, 18 мыңнан астам адамның өмірін қиған. Жарты миллионға жуық жапондық баспанасыз қалған.

5. Камчатка, Ресей

1952 жылдың 5 қарашасында Камчатканың Шипун түбегінен 130 км қашықтықта 9 балдық жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінен құбырлар құлап, ғимараттарға жеңіл зақым келіп, құрылыстардың қабырғалары жарылып кеткен. Бірақ осы жер сілкінісінен туындаған Цунами әлдеқайда үлкен апат әкелді. Судың көтерілу биіктігі орта есеппен 6-7 м-ге жеткен.

Қайғылы оқиғадан 2336 адам қаза тапты.