• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 10 Ақпан, 2023

Қазақстанда 240 мың оқушы орны жетіспейді

418 рет
көрсетілді

Қазақстанда оқушы орындарының тапшылығы 240 мыңды құрайды. Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Қаринованың айтуынша, елде жаңа мектептер салынбаса, бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде 50-70 жыл бұрын пайдалануға берілген 500-ден астам мектеп бар. Оларды жаңасына ауыстыру керек. Сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ел бойынша 148 мектеп өз оқушыларын үш ауысымда оқытып жатыр. Бұл - бала туудың жоғарылауына байланысты туындаған мәселе. Қазіргі уақытта оқушы орындарының тапшылығы 240 мыңды құрайды. Елімізде жаңа мектептер бой түземесе, бұл көрсеткіш 1,2 миллионға жетуі мүмкін. Өткен жылы 247 мектеп салынып, 135 мың бала оқушы орындарымен қамтылды», деп түсіндірді Шолпан Қаринова.

Оның айтуынша, соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанда 1 мыңнан астам мектеп есігін айқара ашты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында 1,5 миллионнан астам баланы оқушы орындарымен қамтуды тапсырды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 842 мың жаңа орын ашылды», деп толықтырды вице-министр.