НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг қызметінен кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Йенс Столтенберг жұмыс орнын биыл қазан айында босатуы тиіс. Бұл туралы оның баспасөз өкілі мәлімдеді. Бұған дейін Столтенбергтің мандаты 3 рет ұзартылған. Ол халықаралық ұйымды 9 жыл бойы басқарған.
«Оның қызметін тағы жаңа мерзімге созу қажеттілігі жоқ», деген мәлімдеме жасалды.