• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2014

Павлодарда өндірілетін «Халал» еті Ресей нарығында үлкен сұранысқа ие

312 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 маусым. Қазіргі таңда павлодарлық өңдеуші кәсіпорындар Ресей нарығына 215 тонна ет және ет өнімдерін экспорттаған. Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Шұғаев осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «Ақ Жайық» газеті хабарлады. Ж.Шұғаев: «Облысымыздағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындарға Ресейдің Новосібір облысы немесе Алтай аймағына етті өңделген түрінде экспорттау тиімді. Біздің «Халал» маркалы етіміз ресейлік сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр», – деді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, 2014 жылдың соңына дейін ет өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындар Ресейге 800 тоннадан астам ет өнімдерін өткізуді жоспарлауда. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «Ақ Жайық» газеті. Фото: muslim.kz.