Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Атлантикалық циклон Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай ауысады, осыған байланысты жұмыс аптасының басында бұлтты болады. Елімізде көктайғақ күтіледі», делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжауынша, 16 ақпанда Түркістан, Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек республиканың солтүстігінде жоғары қысымды өрістің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, оңтүстікте кей жерлерде жел күшейеді. Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.