Спорт 13 Ақпан, 2023

Елордада дзюдодан жасөспірімдер арасында чемпионат өтеді

485 рет
көрсетілді

Астанада 14-17 ақпан күндері дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды. 

Айта кетерлігі, чемпионат нәтижесі бойынша 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.