АСТАНА. 19 маусым. Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге мемлекеттік сапармен алғаш рет келген Оңтүстік Корея басшысы Пак Кын Хемен кездесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Екіжақты кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев: «Корея респубикасы президентінің алғашқы мемлекеттік сапары Қазақстан-Корея стратегиялық серіктестігінің жаңа тарихи дәуірін ашады. Бұл – біздің осымен екінші кездесуіміз», – деді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Корея республикасының елімізбен сенімді серіктес екеніне баса назар аударды.
Сондай-ақ, Президент еліміздің атынан Оңтүстік Корея басшысына «Севол» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: egemen.kz.
Фото: akorda.kz.