АСТАНА. 19 маусым. Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз жоғары деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысы Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мемлекет басшысы: «Біздің энергетика, автомобиль жасау, машина жасау, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, сонымен бірге білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қиылдарымыз жоғары деңгейде. Тауар айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларына жетті», – деді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасының Солтүстік Кореяның ядролық қаруға ие болуына қарсылығын құптайтындығын білдірді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: «ҚазАқпарат».