• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Ақпан, 2023

Еліміздің 9 қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

245 рет
көрсетілді

Синоптиктер республиканың 9 қаласында ауаның ластануын болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 14 ақпанда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Бұл қалалардағы метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы.