• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 14 Ақпан, 2023

Денис Евсеев Францияда негізгі жарысқа жолдама алды

222 рет
көрсетілді

Қазақстандық Денис Евсеев Шербур (Франция) челленджер жарысының іріктеу сайыстарынан сәтті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемнің 307-ракеткасы Денис іріктеу сайысында алдымен франциялық Константин Биттунды 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Іріктеу сайыстарының финалында Евсеев тағы бір қазақстандық, рейтингте 312-орында тұрған Бейбіт Жұқаевпен шеберлік байқасты.

Аса тартысты өткен матчта Евсеев 6:7 (4:7), 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.