• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2014

Президент тапсырмаларына назар аударылған сессия

255 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық XVII сессиясына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Шараға қатысушылар қоғамды біріктірудегі Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің рөлі, жас ұрпақты отан­шыл­дық рухта тәрбиелеу, толе­ранттылық қағидаларды қа­лыптастыру туралы, ұлт­аралық қатынастардағы мәдениет, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың тілдерін дамыту туралы айтты. «Ұлттық тұтастық пен ұлтаралық үйлесімді қаты­нас­тар орнықпайынша көп­ұлтты қоғамда келі­сімге қол жеткізу мүм­кін емес. «Қоғамдық келісім – тұрақтылық – ұлт­тық тұтастық» ұғым­дары Мемлекет басшысы сая­сатының біздің елімізді дамытудағы негізгі қағи­далар ретінде берік ор­нықты», деп атап өтті А.Баш­маков. Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы Төрағасының орын­басары ай­мақ­тық тұрақ­тылықты қамтамасыз етуде Ассамблея жанынан құ­рыл­ған қоғамдық келісім кеңестері маңызды рөл ат­қаруы тиіс екенін де атап көрсетті.