Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мың адам қатысып, 55,9 мың адам жұмысқа орналасқан. Оның 17,3 мыңы тұрақты жұмыс тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 38,7 мың адам орналастырылған. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 2,4 мың, жастар практикасымен 1,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 33,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 365 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 17 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 670 адам жұмыспен қамтылған.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2 мың жұмыссыз қамтылып, оның ішінде 1,7 мыңы оқуды аяқтаған.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 10,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 7 мың адам сертификат алған.
Сонымен қатар қызмет саласын таңдау мақсатында 10,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткен.