• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Ақпан, 2023

Қырғызстан аумағында жер сілкінді

326 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 15 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 09:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.4. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.