Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді. Батыстан шығысқа ауысатын циклон ықпалында тек батыс облыстар ғана болады. Фронт әсерінен республиканың кейбір облыстарында қар жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
«16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік жартысында республикада кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады», делінген хабарламада.