• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қаржы 16 Ақпан, 2023

Доллар бағамы тағы төмендеді

335 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,09 теңгені құрап, тағы 3,19 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 64,85 теңгені (-0,74) құрады.

Еуро және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын – 479,72 теңгеге, рубльді - 6,02 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 446,5-450 теңгеден, еуроны – 475,5-480 теңгеден, ресей рублін – 5,85-6,1 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар, 16 ақпандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы сәл қымбаттады.

Мәселен, ICE Futures-те Brent сәуір фьючерстерінің құны 0,56%-ға, барреліне 85,86 долларға дейін өсті.

NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері наурыз айына 0,67%-ға қымбаттап, барреліне 79,12 долларға жетті.