• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Пікір 17 Ақпан, 2023

Сайлау және жергілікті атқарушы билік

593 рет
көрсетілді

Биылғы сайлау үдерісінің нәтижесінде қоғамда Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Ол халықтың мүддесін жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толыққанды қорғауға мүмкіндік береді. Жергілікті жерлерде түрлі көзқарастар мен саяси бағыттағы партиялар пайда бола бастайды. Бұл жаңару үдерісінің жалғасы ретінде облыстардағы демократиялық институттардың белсенділігін арттырып, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етпек.

Аталған саяси іс-шара аудан әкім­дерінің сайлауына ұла­сып, бұл үдерістің барысында аза­мат­тардың ауылдың дамуына қа­тысты ше­шім­дер­ді қабылдау мәселесіне тіке­лей атсалысып, баға жетпес тәжірибе жи­найды деген сенім ұялатады. Ен­деше, сайлаудың жергілікті жер­лер­дегі іргелі өзгерістерге түрткі бо­ла­­тындығы да күмәнсіз. Мәселен, оның жаңа аралас пропорционалды-мажоритарлық моделі облыстық дең­гейдегі мәслихаттардың дербес­ті­гін күшейтіп, өңірлерде партиялық жүйені дамытады. Ол қоғамда саяси тұрақтылықты арттыруға, тиісті әкімшілік-аумақтарды құрылымдық жағынан оңтайландыруға жағдай туғызады. Елдің азаматтық-саяси белсенділігін арттырудың пәрменді құралы ретіндегі аймақтық Қоғамдық кеңестердің рөлі артып, ол билік пен халық арасындағы кері байланыс­ты жақсартудың тетігіне айналуы керек. Олардың қатарына үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылардың көбі­рек тартылуы ашықтық қағи­даты негізінде тұрғындардың ел басқару ісіне белсенді түрде қаты­суын кеңейтеді. Қоғамдық кеңес­тер­дің әлеуетінің артуы олардың мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті құжат ретіндегі ха­лық­тың қатысуымен дайындалған ұсы­нымдары мен қолға алған істерінің тиім­ділігін көтеріп, оның адам­дар­дың­ мұң-мұқтажын шешуге бағыт­тал­уына ықпал етері анық.

Ол сонымен қатар жергілікті атқа­ру­шы биліктің жұмысының сапасын арттыруды талап етіп, оның қызметін бағалаудың басты көрсеткіштерінің бірі­не айналмақ. Мұны билік жүйе­сін жаңарту бағытындағы жаңа стан­дарт­тарға көшудің бастамасы деуге толық негіз бар.

Аймақтар үшін мәслихаттар мен әкім­шіліктер арасындағы қыз­­мет­тің үй­ле­сімділігіне қол жет­кі­зу­дің ма­ңы­зы артпақ. Тек осы бағыт­ты ұс­та­ну арқылы ғана барлық әлеу­мет­тік топтардың мүдде­лерін қор­ғау­ға мүмкіндік туады. Осы тұр­ғы­да Пре­зи­дент Қ.Тоқаевтың партия мүше­лі­гі­нен шығуы Қазақстан қоға­мын­да пар­тияға деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ендігі жерде әкімдердің сая­си ұйымдарға жетекшілік етуден қолы қағылып, бұрынғыдай «билік» пар­тиясына арқа сүйеп, «ұжымдық жауап­кершілікті» бүркемеленіп өз де­генін істеу «артықшылығынан» айы­рылып, олардың қалыптасып жат­қан жаңа заңдық кеңістік шеңберінде жұмыс істеулеріне тура келеді. Кері­сі­нше, пікір алуандылығы мен шы­на­йы саяси белсенділіктің пайда болуы аймақтардағы түйткіл мәселелер мен қай­шылықтардың алдын алып, оң­тайлы ахуалды қалыптастырмақ. Десек те, қоғамда орын алып жатқан үде­­ріс­терге деген азаматтардың да, саяси күштердің де пікірлері бір­дей бола бермейді. Олардың кей­бі­реу­леріне мемлекеттік саясатқа деген өзгеше көзқарастың тән екен­ді­гін де жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан қоғамдық топтар өз көз­қарастарын ілгерілету үшін пар­тия­ла­рдың көмегіне жүгінеді немесе жақтастарымен бірігіп жаңа пар­тия құрады. Ендеше, сайлау ке­зін­де қоғамды ортақ мақсатқа жұ­мылдырумен қатар, оның жікке бөлін­уіне ықпал ететін сая­си күш­тер мен үдерістердің болуы да заң­дылық. Әрине, мұндай қадам­дар­дың мемлекеттік саясат пен мем­ле­кет­тік органдардың беделіне нұқсан келтірері айтпаса да түсінікті. Бұл про­цестердің артында бұрынғы ек­пін­мен өмір сүріп келе жатқан кейбір саяси және саяси-экономикалық элитаның мүдделерінің тұрғандығын да мойындамасқа амал жоқ. Бір өкініш­тісі, бұларға қоғамдық ортада кездесетін және қордаланып қал­ған күрделі мәселелерді кон­струк­­­тивті түрде талқылап, бар қай­шы­лық­тар­дың шешімін табуға деген ұмты­лыс көпшілік жағдайда жетіспей жатады.

Сондықтан әкімдер шешім қа­был­дауда тұрғындардың мүддесін ес­ке­ріп, қоғаммен диалог орнату инс­титуттарының барлығының жұ­мы­­сын оң жолға қоюға мүдделі болуы керек. Аймақ басшыларының көппартиялық жүйенің қалыптасуы мен саяси бәсекелестіктің дамуы және пікірлер алуандылығы жағ­дайында жұмыс істеуге дағды­лан­ғандары жөн. Оларға саяси жү­йе­нің ұзақмерзімді тұрақтылығы, азаматтардың өзекті мә­селелерін шешудің тиімділігінің артуы ғана нәтижеге әкелетіндігін терең түсіну арқылы реформаларды табысты жүзеге асыруға бола­тын­дығының маңызын ұғынар кез келді. Тек мемлекеттік мәселелерді шешу ба­ры­­сында ғана жергілікті қоғамдас­тық­тардың өзара іс-қимылын жаңа дең­гейге көтеруге болады. Осы сая­­си үдерістің әлеуметтік әле­уе­ті басымдыққа ие болған кезде жер­гілікті жерлерде мемлекеттік бас­қарудың тиімділігі артып, ауыл­дың өркендеуіне мүмкіндік туары анық.

 

Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ,

қоғам қайраткері