• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Ақпан, 2023

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады

382 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар аймақтарда тұман, боран және қатты жел болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Скандинавиялық циклон шұңқырының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, төменгі боранмен қар жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төмен қарлы боран күтіледі. Оңтүстік-батысқа ауысатын жел оңтүстікте, батыста, облыстың орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде боран болжанып отыр.

Шығыста, Атырау облысының орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қарлы боран болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жел соғады.

Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді, Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында қарлы боран болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанып отыр. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.