«Қазгидромет» синоптиктері 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұаынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың болжамына сәйкес, 19-шы ақпанда Скандинавия циклонының жырасымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
«Бірқатар өңірде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі», делінген хабарламада.