• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Ақпан, 2023

Мәжіліс сайлауы: 125 кандидат тіркеуден өте алмады

350 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы Мәжіліс сайлауына өтпей қалған кандидаттар жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге қарағанда, тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін 45 кандидат кандидатурасын өз қалауымен алып тастау өтінішін білдірген. Комиссиялар оларды берілген өтініш негізінде тіркеуге алмады. Тағы 125 кандидатттың тіркеу туралы өтініші кері қайтарылды. Оның ішінде бір кандидат ҚР Конституциясы мен «Сайлау туралы» конституциялық заңының Қазақстан Республикасының аумағында кейінгі 10 жыл көлемінде тұру қажеттігі жөніндегі талапқа сәйкес келмегені бойынша тіркеуден өтпеді», деді ОСК төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ тағы бірнеше кандидат Бас прокуратураның мәліметі негізінде тіркеуденмөте алмаған.

«4 кандидат есептен шығарылмаған және өтелмеген соттылықтың болуына байланысты, 5 кандидат сот сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін немесе сыбайлас жемқорлық бойынша заң бұзғаны үшін кінәлі деп танығандықтан бас тартылды», деп қосты спикер.