• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Ақпан, 2023

Ақмолалық жолшылар Тәжікстан азаматтарына көмек көрсетті

301 рет
көрсетілді

Астана-Көкшетау тасжолының 83 шақырымында 16 жолаушы мінген автобус техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚазАвтоЖол қызметкерлері республикалық трассаларды патрульдеу барысында жол бойында бұзылып тұрған көлікті байқаған. Анықталғандай, автобуста Тәжікстан елінің 16 азаматы болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Тәжікстанға бет алған.

Жолшылар сынған автобусты қауіпсіз жерге сүйреп апарып, жолаушыларды қонақ үйге жеткізді.

Автобус жөндеу жұмыстарынан кейін сапарын жалғастырды. Ал шетел азаматтары жолшыларға алғыс білдірді.