• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Ақпан, 2023

Солтүстік Корея тағы екі зымыран ұшырды

369 рет
көрсетілді

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды. КХДР СІМ мәлімдегендей, Пхеньян АҚШ пен оның одақтастарының Корей түбегі аймағындағы әрекеттеріне байланысты өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz  euronews сайтына сілтеме жасап

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында АҚШ-тың тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Пхеньянға қарсы санкция режимін күшейтуге шақырды.

«Біз БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерді, әсіресе Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерін осы теріс істерді доғаруға және КХДР-ді заңсыз қару-жарақ бағдарламаларынан толық, тексерілетін және қайтымсыз түрде бас тартуға  дипломатияны ядролық қарудан арылту бағытында пайдалануға шақырамыз», деп мәлімдеді ол. 

Осындай мәлімдемелерге қарамастан отырыс нәтижесіз аяқталды.

Жуырда Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Ё Чжон мәлімдеме жасап, КХДР АҚШ қимылына қарсы жауап ретінде Тынық мұхитын полигон ретінде қолданатынын айтқан. Ол Корея түбегі аймағындағы АҚШ стратегиялық қару-жарағын ел әскері мұқият аңдып отырғанын хабарлап, ел қауіпсіздігіне тікелей немесе жанама қауіп төнсе, дереу жауап береміз деп ескерту жасаған еді.