Уимблдон 2022 чемпионы және Australian Open 2023 финалисі қазақстандық Елена Рыбакина беделді Laureus сыйлығына үміткер болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан теннисшісі - «Жыл серпіні» жүлдесіне үміткер болған алты спортшының бірі. Рыбакинадан басқа бұл номинацияға испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр.Атап өтейік, Laureus World Sports Awards сыйлығы бір жыл ішінде үздік жетістікке жеткен спортшыларға беріледі.