Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы төленеді. Жәрдемақыны алу үшін не істеу қажет? Egemen.kz оқырман назарына жәрдемақы алу бойынша нұсқаулық ұсынады.
Сақтандыру жүйесінің мүшесі болу неге маңызды?
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жиналған қаражат жұмысынан айырылған азаматқа жәрдемақы төлеу үшін пайдаланады.
Ай сайын барлық жұмыс беруші еңбек шарты жасалған қызметкерлер үшін қорға әлеуметтік төлемдер аударуға міндетті. 2023 жылы шегерімдердің мөлшері жалақының 3,5 пайызын құрады. Қорға төленетін барлық төлем жеке сипатқа ие, яғни әр тұлға үшін жеке шегеріліп отырады.
Штаттан тыс қызметкерлер жәрдемақы ала ма?
Жердемақы тағайындау шарттарының ішіндегі ең маңыздысы — өтініш берушінің міндетті сақтандыру жүйесінің қатысушысы болуы. Егер жұмыс берушілер қорға ай сайын аударым жасамаса, қызметкер жәрдемақы талап ете алмайды.
Сәйкесінше азаматтық-құқықтық келісімшарт (қызмет көрсету шарты, еңбек шарты) жасасқан қызметкерлердің жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы талап ету құқығы жоқ, себебі олар үшін ешкім әлеуметтік аударымдар жасаған жоқ. Қазір қызметкерлердің өздері де қорға аударым жасай алмайды.
Қандай құжаттарды және қайда өткізу керек?
Өтініш беру рәсімін бастамас бұрын жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Мұны электронды еңбек биржасының сайтында немесе жұмыспен қамту орталығы арқылы жасауға болады.
Құжаттардан жеке куәлік пен өтініш қажет.
Өтініш қандай себептерге байланысты қабылданбауы мүмкін?
Жоғарыда аталған себептерден басқа (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударым жасамау, жұмыссыз ретінде тіркелмеу) заң бойынша келесі жағдайларда жәрдемақы берілмеуі мүмкін:
өтініш беруші жалған (мәлімет) құжат ұсынса; өтініш беруші мен (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі.Тиісті түзетулерден кейін жәрдемақы тағайындауға қайта өтініш беруге болады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.
Жәрдемақы қандай мерзімге беріледі?
Жәрдемақының мөлшері мен мерзімі Қорға әлеуметтік аударымдар жасалған еңбек өтілімен тікелей байланысты. Қызметкерге тағайындалатын әлеуметтік төлем:
1 ай – 6-12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе; 2 ай – 12-24 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе; 3 ай – 24-36 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе; 4 ай – 36-48 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе; 5 ай – 48-60 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе; 6 ай – 60 айдан астам уақыт ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілсе.Жәрдемақы көлемі қалай белгіленеді?
Жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақы көлемі бірнеше мөлшерге байланысты:
жұмыс беруші 24 ай ішінде әлеуметтік сақтандыру қорына төлемдер жасаған ай сайынғы табысқа байланысты; барлық өтініш беруші үшін бірыңғай түзету коэффициентіне байланысты – 0,45; әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.Мемлекет есептеу кезінде қолдануға болатын 24 айдағы орташа кіріс мөлшерін шектеді. Оның мөлшері жеті ең төменгі жалақыдан (ең төменгі жалақыдан) аспауы керек. 2023 жылы бұл – 490 мың теңге.
Есеп арнайы формула бойынша жасалады және оның жеке сипаты бар.
Жұмыссыз жүрген азаматтар қоғамдық жұмысқа немесе оқуға жіберілсе не болады?
Жәрдемақы келесі жағдайларда сақталады:
әлеуметтік маңызы бар жұмыс орындарындағы уақытша жұмыс кезінде; қоғамдық жұмыстарға тартылса; кәсіппен байланысты оқуға жіберілсе.Жұмыссыз жүрген азаматтың міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек алуға құқығы бар ма?
Жұмыссыздар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқылы. Оларға мемлекет тарапынан жарна төленеді. Міндетті шарт – жұмыссыз ретінде тіркелу.
Жәрдемақыдан ақша ұсталына ма?
Заңда жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақыдан шегерімдердің екі түрі белгіленген:
10% – БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары (жәрдемақы төлеу кезінде); атқарушылық іс жүргізу бойынша шегерімдер (бар болса).Жәрдемақы төлеу қандай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін?
Заңда жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін себептердің тізбесі белгіленген:
жәрдемақы алушы елден кеткен кезде; жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны туралы белгілі болса; жәрдемақы тағайындау үшін анық ақпарат берілмесе; шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімі өтсе; жәрдемақы алушы қылмыстық іс бойынша сотталған және жазасын түрмеде өтеп жатса.Жәрдемақы төлеу қандай жағдайларда тоқтатылады?
Жәрдемақы төлемдері келесі жағдайларда тоқтатылады:
егер өтініш беруші зейнеткерлік жасқа толса; жәрдемақы алушы жұмыссыз ретінде есептен шығарылса; жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда.Әлеуметтік төлем мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап уақытша тоқтатылады не толық тоқтатылады.