• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ғылым 21 Ақпан, 2023

Жасанды интеллект адам мүмкіндігін шектей ме?

726 рет
көрсетілді

Бүгінде ғылыми технология өте тез дамып жатыр. Алайда, ғалымдар адамзаттың жетістігі - жасанды интеллект адам мүмкіндігін шектейтінін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір жасанды интеллект арқылы шығарма немесе эссе жазуға болады. Мұндай боттар білім алушылардың арасында танымал. Жасанды интеллектің жазып бергенін адамның жазғанынан айыру қиын. Өйткені ол шығарма немесе эссені 70 пайыз жүйелі жазады. Тіпті кейбір боттар 97 пайыз антиплагиаттан өтетін мәтіндерді де дайындап бере алады. Ғалымдар мұндай алгоритм адам санасының дамуын тежейді деп қауіптенеді. Олардың айтуынша, жасанды интеллекттің алгоритмдері адамның ойлау қабілетінен де асып кетуі мүмкін.

Жақында АҚШ-тың OpenAI компаниясы мәтін жазатын ChatGPT ботын іске қосты. Зерттеушілер бағдарламалық жасақтама кез келген тапсырманы орындау мақсатында және емтихан кезінде есептерді шығару үшін пайдаланылуы мүмкін деп алаңдайды. Себебі оқушылар мен студенттер өз интеллектін дамытудың орнына осындай көмекші боттарға жиі жүгінеді.

Осыған байланысты OpenAI компаниясы адамның немесе боттың жазғанын анықтайтын бағдарламаны да әзірледі. 

«Бұл жүйе арқылы жасанды интеллект жазған барлық мәтінді 100 пайыз анықтау мүмкін болмаса да, көбін анықтай алады», дейді жүйені құрастырушылар.