• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Партия 22 Ақпан, 2023

Назарда – әлеуметтік мәселелер

395 рет
көрсетілді

«Байтақ» жасылдар партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Владимир Мартель Өскемендегі қоқыс өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Зауыт жұмысын өткен жылы бастаған. Кәсіпорын – сағатына 25 тоннаға дейін қоқыст­ы сұрыптауға мүмкіндігі бар Орта Азиядағы алғашқы зауыт. Кездесу барысында жиналғандар экологиялық салаға қатысты көптеген мәселені, соның ішінде Қазақстандағы басты экологиялық мәселелердің бірі қоқыстарды өңдеу тақырыбын талқылады. Сондай-ақ жалақы туралы да мәселе көтерілді. Қызметкерлер өздерінің ауыр еңбегі үшін 140-180 мың теңге ғана жалақы алатынын айтты. Азық-түлік, өзге де күнделікті тұрмыста тұтынатын заттардың бағасы жыл сайын аспандайтынын ескерсек, жалақы мөлшері жеткіліксіз. «Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты Владимир Мартель барлығымыз бірлесе отырып, қоқыстарды белсенді жинау және электронды қалдықтарды өңдеу арқылы бұл мәселелерді шешуге болатынын айтты.

Шығыс Қазақстан облысы «Байтақ» жасылдар партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Рыспек Қасенов және партия мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарын тыңдап, алдағы іс-қимыл жоспарына енгізді. Тұрғындар экологиялық проблемалармен қатар, әлеуметтік мәселелерді де жан-жақты талқылады.

Бұған дейін «Байтақ» жасылдар партиясының өңірлік штабы Түркістан облысының Сайрам және Шымкент қалаларында Сайрам-Шымкент-Түркістан бағытымен автобус турын бастағаны белгілі. Іс-шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласы штабының мүшелері, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан мәслихатқа кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар қатысты.

Акция ірі қалалар мен өңірлердің экологиялық мәселелеріне, ауаның, су қоймаларының және ландшафттың ластануының жоғары деңгейіне назар аударуға бағытталған. Мақсаты – таза қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа ұқыпты қарауға, таза энергия мен өнеркәсіп құруға және адамдардың денсаулығын сақтауға шақыру. Тур барысында акцияға қатысушылар жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдарын тыңдады.