Қарағандыда қала көшелерін жөндеуге бөлінген екі миллиард теңгеден аса қаражат ұрланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарағанды облысының прокуратурасында жүргізілген тексеру барысында Қарағанды қаласының көшелерін күрделі жөндеуге бөлінген екі миллиард теңгеден аса соманың ұрланғаны анықталды. Атап айтқанда, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы бөлімінің жауапты қызметкерлері «Қарағанды қаласының көлік және автомобиль жолдары» мекемесі бюджет қаражатының ұрлануына әкеліп соқтырған іс жүзінде орындалмаған жұмыс актілеріне қол қойған», делінген хабарламада.
ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.