Синоптиктер 23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Болжам бойынша, ылғалды Атлант циклоны солтүстік-шығысқа қарай жылжи отырып, қар аралас жауын-шашынды алып келеді. Ал 25 ақпанда Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Ол ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен 25 ақпанда түнде жауын-шашын жауады, кей жерлерде көктайғақ болады. Республикада тұман, екпінді жел күтіледі, республиканың солтүстік жартысында аздаған қарлы боран соғады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі.
«Республиканың батысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі түнде 0-15 аяздан 5-23 аязға дейін, солтүстік-батыста 7-15 аяздан 17-28 аязға дейін, солтүстікте және орталықта 1-13 аяздан 13-25 аязға дейін күтіледі. Шығыста 0-13 аяздан 6-2 жылы болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 0-8 жылы, таулы аймақтарда оңтүстік аймақтарда 2-10 аяздан 0-5 аязға дейін, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында 5-13 аяз, күндіз 7-21 градус жылыдан 6-7 градус аязға дейін күрт төмендейді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.