• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Ақпан, 2023

Астанада конкурдан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді

361 рет
көрсетілді

Елордада 26 ақпан күні конкурдан «Арғымақ» ашық кубогы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа Қарағанды, Алматы, Шымкент және Астана қалаларынан келген шабандоздар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жарыс бес бағыт бойынша өтеді.

Бірінші санат – «Балалар санаты». Кедергiлердiң биіктігі 110 см-ге дейін. Екінші санат – «Дөнендер жарысы». Кедергiлердiң биіктігі 100 см-ге дейін. Үшінші санат – «Бесті аттар». Кедергiлердiң биіктігі 120 см-ге дейін. Төртінші санат – «6 жастан жоғары». Кедергілердің биіктігі 125 см-ге дейін. Бесінші санат – «Еркін санаты». Кедергілердің биіктігі 130 см.

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 12 000 000 теңге.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені (Қарқаралы тас жолы, 1) мекен жайында өтеді.