• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 22 Ақпан, 2023

Жоспар жолынан жаңылмаса, жұмыссыздар азаяды

321 рет
көрсетілді

Елімізде жыл соңына дейін 950 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

– Жылдың басында өңірлік жұ­мыс­пен қамту карталары бекітілді. Сол карта бойынша 950 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жос­пар­ланған. Оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарына – 231,3 мың адам, Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бас­тамасы аясында – 341,8 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 320,4 мың адамды орналастыру көзделіп отыр, – деді вице-министр.

Спикердің айтуынша, қазірдің өзінде аталған бағыттар бойынша 117 мыңнан аса азамат жұмысқа тұрған. Сонымен қатар жиында министрлік өкілі елдегі жұмыссыздардың нақты са­нын айтты. Ресми статистика де­рек­тері бойынша, елімізде 456 мың жұ­мыссыз тұлға, 2,1 млн өзін-өзі жұ­мыспен қамтушы бар.

Брифингте жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық шараны жұмыспен қамту орталығына келіп жүрмей, Электронды еңбек биржасы – Enbek.kz. порталы арқылы да қашықтан ала алатыны айтылды. Сондай-ақ журналистер сұрағына орай кәсіпкерлік бастамаларды қол­дау тетіктері – бизнес-идеяларды құ­ру­ға және дамытуға 2,5% гранттар мен шағын кредиттер беру туралы мәліметке қанықтық.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жо­баны іске асыру шеңберінде биз­нес идеяларды іске асыру үшін грант­тар алуға бірінші лек бойынша өтінімдер қабылдау басталды. Бі­рінші ағын аясында 2,6 мыңға жуық­ грант беру жоспарланып отыр. Жалпы, 2023 жылы 9 мың адам грант алады. Оған 12,4 млрд теңге қарастырылған», деді О.Ордабаев.

О.Ордабаевтың айтуынша, грант сомасы 400 АЕК-ке дейін болады, ал оған халықтың әлеуметтік осал санаттары қатыса алады. Оған қатысуға өтінімді business.enbek.kz порталы арқылы онлайн режімде рәсімдеуге болады.

– Әсіресе жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін биыл 2,5% жеңілдікпен несие беру тетігі іске қосылды. Оған 29 млрд теңге бөлінді, бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді. Қарыздың ең жоғары көлемі – 5 млн теңге. Несие беру мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін болуы мүмкін. Ал қыз­мет бағыты үшін 7 жылға дейін болады, – деді вице-министр.

Кредиттер конкурстық комис­сия­ның шешімі негізінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы беріледі. Халықтың жекелеген санаттары үшін арнайы жобалар да қа­рас­ты­рылған. Ал «Күміс жас» жоба­сына қатысты сауалға орай вице-министр біршама өзгеріс енгізілгенін жеткізді.

– Зейнеткерлік жасқа дейінгі адам­дарды жұмысқа орналастыру мүм­кіндігін кеңейту үшін «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді. Мәселен, жобаға қатысушылардың жасы 50 жасқа дейін төмендетілді және олардың жалақысын субси­дия­лау мерзімі 3 жылға дейін ұлғай­тыл­ды. Бұған қоса мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру тетігі қайта қа­рал­ды. Жұмыс берушілерге жұмыс орнын ұйымдастыру үшін 300 АЕК-ке дейінгі мөлшерде шығындар өтеледі. Бұл ретте мемлекет 3 жыл ішін­де жұмысқа орналастырылған адам­дардың жалақысын да субсидия­лайды, – деді ол.

Ал жұмыс тәжірибесі жоқ жастар үшін «Жастар практикасы» және «Бірін­ші жұмыс орны» жобаларын іске асыру жалғастырылатын болды.

– Мобильді оқу орталықтары мен мобильді жұмыспен қамту орта­лық­­­тарын ұйымдастыру арқылы шал­ғай­дағы елді мекендерді қамту бо­йынша жүргізіліп жатқан жұмыстар ерекше назар аударуға лайық. Ар­на­йы жабдықталған жылжымалы оқу орталықтары қысқа мерзімді курс­тар­ға қолжетімділікті, практикадан өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазір олар еліміздің 6 өңірінде бар. Мәселен, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау өңірлерінде қолжетімді, – деді спикер.

Мобильдік жұмыспен қамту орта­лықтары халықты жұмыспен қам­ту шаралары туралы хабардар етуді арттыру, сондай-ақ кейіннен жұ­­мысқа орналастыру үшін ұйым­дас­тырылған. Жыл соңына дейін барлық өңірге 2,9 мың маман бару жоспарланып отыр.