Қазақстан жүк тасымалдаушыларының ірі тапсырыстар қабылдауына мүмкіндігі бар. ATI.SU жүк тасымалы биржасының хабарлауынша, енді пайдаланушылар цифрлық тендерге қатыса алады. Аталған тендер аясында жүк иеленуші компаниялар конкурстық негізде ірі тапсырысты орындайтын мердігерлерді таңдайды.
ATI.SU биржасында Қазақстан аумағында жұмыс істейтін мыңға жуық тасымалдаушы тіркелген. Тендерге қатысушылардың көп болғанына байланысты тапсырыс беруші үшін әлдеқайда қолайлы баға қалыптасады. Ал егер тендерді тұрақты бірнеше серіктес арасында ғана өткізсе, онда бәсекенің төмендігіне байланысты қымбат тарифке тап болуы мүмкін.
Онлайн-тендерге қатысушылары салыстыруға мүмкіндік алады. Биржадағы пайдаланушылардың барлығында компанияның сипаттамасы және рейтингі жазылған профиль бар. Сонымен қатар түрлі параметр бойынша контрагенттердің сенімділігін тексеретін қосымша құралдар да қолжетімді. Осылайша, ыңғайлы шарт ұсынып отырған мердігерді оңай таңдауға болады.
Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа сервис бірнеше тасымал ұйымдастыратын компаниялардың еңбек шығынын үнемдейді: Мысалы, бір бағыт бойынша ондаған рейс жасауға тура келген кезде. Тендер көмегімен барлық көлемді тасымалдауға бірден келісім жасауға болады, тіпті мерзімі ұзартылған болса да. Келесі тапсырыс үшін жаңа мердігер іздеп әуре болып жатпайды. Сонымен бірге биржа мамандары басқа сайттардан да тендерлерді таңдап береді. Тасымалдаушы тасымалдауға тапсырыс алу үшін бірнеше сайтты қатар қарап әуре болмайды. Барлығы бір жерде жинақталып тұрады.
Мамандардың айтуынша, қызықты тапсырыстарды жинақтау үдерісі автоматтандырылады. Мәселен, бүкіл қолжетімді тендерлерді қолмен таңдап жатудың керегі жоқ. Қажетті бағытты, құнды, машина параметрлерін арнайы пішінде жолдауға және осы параметрлерге сәйкес келетіндерді таңдауға болады. Ыңғайлы өтінімдерді автоматты түрде хабарлайтындай етіп баптап қоюға мүмкіндік қарастырылған. Қолайлы тендерге автоматты түрде қатысу функциясы да іске қосылды.
«Цифрлы құрал компанияларының логистиканы ұйымдастыру шаруасын жеңілдетуге және жүк тасымалдаудағы шығындарды азайтуға көмек береді. Ал тасымалдаушылар үшін автопарктің оңтайлы жүк көлемі қамтамасыз етіледі. Онлайн-тендер – ірі тапсырыстарды автоматтандырудағы жаңа мүмкіндік. Егер бұрын компаниялар әр рейске мердігер іздеп жүретін болса, қазір бір орындаушымен бірнеше тасымалға қол қоюға болады. Сонда екі тарап та ұтады: тасымалдаушы ұзақмерзімді келісімшартқа ие болады, ал жүк жіберуші барлық рейсінде сенімді бір мердігермен жұмыс істейді», дейді ATI.SU жүк тасымалы биржасының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Рената Зобова.