• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Ақпан, 2023

Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды

1002 рет
көрсетілді

ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.   «Жағдай тұрақты. «112» және «101» желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ», деді Алматы ТЖД өкілі.