• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2023

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 195 адам көлік алды

362 рет
көрсетілді

2023 жылғы 22 ақпандағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысушы банктер пулға қатысушылардың 5,171 млрд теңге сомаға 569 өтінімін мақұлдады. Олардың жалпы саны – 761 адам. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жеңілдетілген автонесие бағадарламасы бойынша 195 қатысушыға 1,696 млрд теңге сомаға автомобиль берілді. Қарыздың орташа мөлшері 8,7 млн теңгені құрады.

«Өтінімнің қолданыс мерзімі – 60 күн. Осы мерзімде пул қатысушылары жеңілдетілген автонесиені рәсімдеуі тиіс. Мерзім аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған қаражат бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың санын ұлғайту үшін келесі пулды қалыптастыруға бағытталады», делінген хабарламада.