Кеше сағат 22.41-де Алматы облысы ТЖД Жамбыл ауданы Қаншеңгел мен Айдарлы ауылдарының арасында қой айдап шыққан 1968 жылы туған ер адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына дереу құтқарушылар жіберілді.
2023 жылғы 24 ақпанда сағат 08.20-да азамат Ащысу ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта 10 шақырым жерден табылды. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
Іздестіруге ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және екі туысы жұмылдырылды.
Шопанның туыстары құтқарушыларға оны іздеуде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.