• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 24 Ақпан, 2023

Күй аңызы: «Жолаушының жолды қоңыры» қалай дүниеге келді?

629 рет
көрсетілді

Күй тарихы қызық қой. Күйді тыңдағанымыз болмаса, қалай шыққаны мен мәнін аса біле бермейміз.

«Жолаушының жолды қоңыры» - екі тараулы күй. Сүгірдің Мақпуза қызбен тартыс үстінде шығарған күйі. Сүгір өзі шерткенде «Жігіттің тартқаны», «Қыздың тартқаны» деп жіктеп отырған екен. 

Мақпуза күйші мен Сүгір сөз байласқан адамдар емес. Олар ескі дәстүрмен атастырылған. Бұл туралы Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» монографиясында: «Ел аузында Сүгір мен Мақпузаны ғашық етіп қоятыны, содан уәде байласқан қос ғашықтың армандарына жете алмай қалатыны сол ауыздан-ауызға көшкен әңгіменің түрленіп-құбылуының жемісі. Ақиқатында Мақпуза қыз Найман ішіндегі Бағаналылардың төрт босағасының бірі аталған Бабырдың өсіп-өнген балаларының біріне атастырылып, өзінің ерік-ынтасымен ұзатылған. Мақпузадан өрбіген ұрпақ Ұлытау төңірегінде ондап саналады», деп жазған.