Қазгидромет 25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің шығыс жартысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады, батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ел бойынша тұман түседі, көктайғақ болады және жаяу бұрқасын жүреді.