Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және т.б. ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.
Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.